Саясат
Иранда мұнай бағасы қымбаттап кетті
Иранда ислам революциясы сақшыларының көсемі Кассем Сулейменге қастандық жасалғаннан кейін елде Brent маркалы мұнай бағасы күрт қымбаттап кетті. Нақтырақ айтсақ, бағасы 2,9 пайыз артып, бір баррелі 68,19 долларды құрады.
Ал генералды өлтіру туралы бұйрықты АҚШ президенті Дональд Трамп берген көрінеді. Ирактың шейіт полициясы командирінің орынбасары Абу Махди аль-Мухандис пен генерал 3 қаңтар күні Бағдад әуежайында кездескен болатын. Сол кезде АҚШ әскері де әуежайға зымыран жіберген.
- Таяу Шығыстағы жағдай ушығып барады, АҚШ пен Иран арасында шиеленіс күшейіп кетті, - деп жазады Reuters агенттігі.
Ал зымыран атуға бұйрықты Америка президенті Трамптың өзі берген.
Америка Құрама Штаттары исламистің өлімі Таяу Шығыста тағы да соғыс отының тұтануына себеп болуы мүмкін деп санайды.