Bugin
Алматыда балалар үйінің балаларына коньки тебуді тегін үйрету акциясы жалғасуда
Ерекше қажеттіліктері бар жетім балалардың мамандандырылған «Жанұя» кешенінің тәрбиеленушілеріне арналған алғашқы сабақ 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында өтті. Әр жастағы 30 бала тәжірибелі 15 нұсқаушының көмегімен коньки тебуді бастады. Сырғанау кезінде шай ішу үзілісі де болды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған шараның мақсаты – өскелең ұрпақты спортқа баулып, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Естеріңізге сала кетейік, 20 желтоқсаннан бастап балалар үйінің тәрбиеленушілері қаланың төрт тегін мұз айдынында коньки тебуді үйреніп жүр. 2020 жылдың көктеміне дейін балалар үйінің 80-нен астам тәрбиеленушісін конькимен сырғанауға үйрету жоспарлануда. Оқу курсы аяқталысымен балаларға сыйлықтар беріледі.