Weekend
Телефонға тәуелділікті қалай жоямыз
Иә, қазіргі таңда телефон, тағы да басқа электронды құрылғыларсыз күнімізді елестету қиын. Оларды еңбектеген сәбиден еңкейген қартқа дейін қолданары анық көрініс. Дегенмен заман солай деп осы кейіппен өмір сүре берсек, мәңгүрт болып қалмасымызға кім кепіл.
Олай дейтін себептеріміз көп және дәлелденген. Ең алдымен адам өзгеге ақыл айтпастан бұрын өзін дұрыстаған жөн. Осы қағиданы ұстана отырып мен телефонды қай жағдайда дұрыс пайдаланамын деген сұраққа жауап іздедім. Қазіргі телефонның өзінде қолданысқа көп ие әлеуметтік желілер екенін байқаймыз. Ал оларсыз күніңізді елестетіп көрдіңіз бе?
Алғашында өзімде дұрыс қабылдай алмадым, себебі 24 тәулік күнімнің жартысынан көбі осымен өтіп жатқан еді. Бұдан маған қандай пайда келеді? Талқылап көрейік. Пайдалары әрине бар, жоқ деп айтуға келмейді. Олар: ел ішіндегі жаңалық, кез келген адам өзінің қызыққан салаларына көңіл бөліп қарай алады, спорт болса спорт, шоу бизнес, кім қандай кино түсіріп жатыр, кім не жазып жатыр. Сонымен қатар достармен хабарласу, алыстағы туыспен жақсы қарым-қатынаста болу бұл да әрине өте керемет.
Дегенмен зияндарын да біле жүрейік. Әрбір адам жатқа білетін денсаулық, содан кейін уақыт, иә бәрі айтады бірақ қолданбайды. Ал енді тақырыпқа сай, әлеуметтік желісіз алты күнді талқылап өтейік. Алғашында қиын әрине барлық желілерді телефоннан өшіріп, бір-ақ сәтте күн режимін ауыстырып тастау. Десек те үйреніп кеттім. Бірінші күні уақытымның өте көп екеніне көз жеткіздім, сол уақытты кітап оқумен өткізіп өзіме сәл болсада риза болып қалдым.
Екінші күннен айналаға мән беріп, шаруа жасап, далаға шығып, адамдармен шынайы араласа бастағасын бұл да бір керемет іс болды деп қабылдадым. Бірақ қиындықтар болды, көп жаңалықтан құр қалғаным. Дегенмен бұл да тек сылтау болмаса, желілерді қайта ашуға себеп болмады. Осылайша күндер жалғаса берді. Өзімнің телефонға тәуелділігімді сәл болса да азайтып, болашаққа бір кішігірім қадам жасадым.
Бір ай немесе одан да көп, мейлі қанша болса да әлеуметтік желілердің арбауына түспеуім өз қолымда еді. Қорыта айтқанда, сіздерге желілерді өшіріп тастаңыздар демеймін, тек оларды жақсы жағынан пайдаланыңыздар, өмірді қолға алу ешқашан кеш емес.
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандығаш қаласы, 1 орта мектебінің 11 сынып оқушысы