Денсаулық
Аурудың белгілері тұмауға ұқсас
Қытайда белгісіз вирустық ауру халықты өкпе қабынуына ұқсас ауыр дертке шалдықтыруда. 3 қаңтар күні бұл аурудан 44 адам ауыр халде ауруханаға түскен. Ол жайында Хубэй провинциясының денсаулық сақтау комитеті мәлімдеді.
Барлық дертке шалдыққандар Ухань қаласының медициналық мекемелерінде оқшауланған түрде ем алуда. Сонымен қатар ауырған жандармен бірге тұрған, әріптес болған 121 адам бақылауға алынған.
Эпидемиологтар бұл дерттің шығу себебі мен алдын-алу жолдарын іздеуде. Вирустық аурудың алғашқы ошағы «Хуанань хайсяньчэн» балық аулау зауытының қызметкерлерінен шыққаны анықталды. Аурудың тұмауға ұқсас болуы оны дер кезінде анықтауда қиындық туындатуда.