Bugin

Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы қайтыс болды

Күлімхан Төлендиева 81 жасқа қараған шағында дүниеден өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы Күлімхан Төлендиева қайтыс болды. 

Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Күлімхан Төлендиевамен қоштасу рәсімі 6 қаңтарда, жерлеу рәсімі 7 қаңтар күні Алматы облысы Қырғауылды ауылында (Сарыптау, 1А мекен-жайы) өтетінін хабарлады.

Күлімхан Жүндібайқызы 1939 жылдың 14 наурызында Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында дүниеге келген. Сарытауқұм совхозында (Алматы облысы, Жамбыл ауданы) бухгалтер болып қызмет атқарған. Алты баланың анасы, "Күміс алқа" иегері. III дәрежелі Еңбек даңқы орденінің иегері.

Айта кетсек, Арыстанбек Мұхамедиұлы 2014 жылдың тамызынан 2019 жылдың маусымына дейін мәдениет және спорт министрі болды.

2019 жылдың 10 шілдесінен ұлттық музейдің директоры қызметін атқарады.