Саясат
Одақтасына қолдау білдірді
Ұлыбритания Ислам революциясы корпусының генералы Касем Сулейманидің өліміне байланысты Тегеран мен АҚШ арасындағы шиеленіс соғысқа ұласқан жағдайда Иранға соққы беруге дайын.
Бұл туралы The Sun ақпарат көзіне сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым дереккөзінің айтуынша, бірінші болып соққы жасау Лондонның ойында жоқ, бірақ қақтығыс өрши бастаса, онда АҚШ-қа қолдау білдіру үшін зымыран жіберуге мәжбүр болмақ. Ағылшын билігі "Томагавк" қанатты зымырандарымен қаруланған Эстьют класының атом субмариналарының суасты флотын іске қосуға дайын екендігін білдіріп отыр.
- Ондай кемелердің бірі қазір Иранға жақын жерде жүр әрі соққы жасауға дайын тұр, - деп атап өтті басылымға ақпарат беруші мамандар.