Weekend

Хайп па әлде мақтауға лайық па?

Жиырма сегіз жыл дегенде ғана шарап пен шыршадан құтылғанымыз ба?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еліміз тәуелсіздігін алғалы жиырма сегіз жыл өтті. Осынша уақыт ішінде сенім артқан тұлғамыз Елбасы Н.Ә.Назарбаев еді. Бірі мақтап, бірі даттаса да елге сіңірген еңбегі зор екені айқын. Келбетіне көзіміз, есіміне тіліміз үйреніп қалған президентіміздің ауысқанына оңайлықпен бауыр баса алмадық. Дегенмен, жаңа хан жаңа жылда жаңашылдық енгізіп, көпті таңқалдыруы арқылы халықтың сеніміне ие болды. 

Иә, бұл оқиғаның елдің аузында әлі күнге дейін жүргені жасырын емес. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы жыл сайын қарапайым халықты тағы бір жылдың келуімен құттықтау үшін қолына шарап, қасына шырша қойғызатын. Әбден орыстанып кеткеніміздің көрінісі ғой. Балық басынан шіріген жылдар...

Бұқарамен бірге тағы бір ондықты артта қалдырдық. 2010-нан 2020-ға өту үшін ел басынан не өткізбеді. Қуаныш пен қайғыны да өткен жылға еңсерттік. Биылғы 2020 саны тек жақсылық әкелетін сынды. Халықтың көңілі неден жайланды, әрине президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың экран арқылы жолдаған құттықтауынан. Тоқаевтың тілінен тәтті текст төгілді ме, білмеймін, бәріміздің көзіміз мемлекеттік туда болды. Қолында шарабы, фонында шыршасы болмағанымен бірге, құттықтаудың соңын әнұранмен жалғастырғаны басымызды айналдырды-ау. Кейбір намысы жоқтардың патриоттық сезімі де оянған болар. Бірақ көкейді бір сұрақ қалды. Осының бәрі көзбояушылық емес пе? Әлде бұл да бір саясат па?

Жақсылықтан үміттіміз, жаңа басшы! Жаңа жылымыз алда, мұсылман қауым!