Саясат

Қазақстанда тоқал алуды заңдастыру ұсынылды

Екінші әйел алу мәселесі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Танымал әлеуметтанушы Тимур Айсауытов еліміздегі тоқал алу мәселесі мен ашыналық мәселесін көтерді. Ол бұл туралы отандық сайтқа берген сұхбатында айтқан. Әлеуметтанушының айтуынша, еліміздегі екінші әйелдердің бар болғаны 5-10% ғана тоқал статусындағылар, ал қалғандары ашыналар екен. 

Әлеуметтанушы қоғамда тоқал алу заңдастырылмағандықтан көптеген мәселелер туындап жатқанын тілге тиек етті. Дәстүрлі қоғамда тоқал алу болғанымен, қазіргі таңда ол заң негізінде жоқ. Екінші әйелді заң негізінде алу елімізде қарастырылмаған. 

Бұл тұрғыдан әлеуметтанушы Тимур Айсауытов: "Көп ғасырлық дәстүрге байланысты, тоқал институты бүкіл әлемдегі ашыналар институты сияқты жоғалмайды. Ал бұрын біздің қоғамда бірнеше әйел алу қалыпты болса, қазір де мұны заңды түрде шешуді ұсынамын. Ол үшін ислам қоғамы болу міндетті емес, бұны зайырлы мемлекет шеңберінде де заңдастыруға болады. Мысалы, кейбір дамыған елдерде жезөкшелік заңдастырылған. Ал бізде тоқалды заңдастырайық! - дейді. 

Екінші әйел алуда соңғы сөзді бәйбішенің айтқаны жөн дейді сарапшы. 

"Өмірде бәрі болады: ер адам әйелі бола тұра, басқа бір аруды сүйіп қалады, бұдан бір де бір отбасы сақтандырылмаған. Әдетте, мұндай жағдайларда әйелі орта жаста болады, бұрыңғыдай тартымды емес. Ер адам жас әйелге кетіп қалады. Менің субъективті пікірім: ажырасқаннан гөрі тоқал алған жөн. Бірақ соңғы сөзді бірінші әйелі айтуы тиіс: ол өзара қарым-қатынастың осындай үлгісіне келіспеуі мүмкін. Зайырлы қоғам заңдарында да, ислам дінінде, дәстүр бойынша да, оның күйеуінің шешімін қабылдауға, не қабылдамауға толық құқығы бар",- деді Тимур.

Әлеуметтанушының пікірі бойынша бұл балалардың құқығын шектемеу үшін қажет процесс болмақ.