Bugin

Өз-өзіңді бағалаудың керемет тәсілдері

Жақсы қасиеттеріңізді сезініңіз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көпшілігіміз бойымыздағы асыл қасиеттерді байқамай, өмірден баз кешіп жатамыз. Сынықтарды сабырмен жеңу үшін де, биіктерді бағындару жолында да тер төгу үшін өзімізді шексіз сүюге тиістіміз. Ендеше, ойыңыздағы кеселдерден арылып, мына кеңестерге құлақ асыңыз:

1. Позитивті көңіл-күйде болыңыз.

Ешкімге сіздің ерекшелігіңізді сөз етуге жол бермеңіз және өзіңізді өзгемен салыстыруды доғарыңыз. Мына үш нәрсені ұмытпағаныңыз абзал:

♡өз-өзіңізді сүю

♡жеке тұлға ретінде сезіну

♡бойыңыздағы құндылықтарды ұғыну

2. Әлемге шуақ шашыңыз

Егер жақын танысыңыздың керемет жан екенін ұғынар болсаңыз, оған міндетті түрде мақтау айтыңыз. Себебі сөз-жүректі жадыратып, алысқа жетелейді. Жақсылық жасаудан жалықпаңыз.

3. Кері ойлаушылардан қол үзіңіз

Оларға жеке өміріңізге араласуға жол бермеңіз. Ауырпашылықтан сабақ алып, алға жылжыңыз.

4. Өзіңізге уақыт бөліңіз.

Өзін бағалайтындардың қатарынан табылғыңыз келсе, түрлі тосқауылдар мен мәселелермен біраз уақытқа қоштасыңыз. Өзіңізді ретке келтіріп, демалғаныңыз жөн.

5. Ішкі түйсігіңізге құлақ асыңыз.

Өз-өзін сүю негативті ойларды елемеуден бастау алады. Сенімсіздіктен арылыңыз.

6. Адамдармен қатынаста шекара қойыңыз.

Өзіңізді пайдаландарға екінші мүмкіндік бермеңіз

7. Көңіл-күйіңізді уыста ұстаңыз

Жеке эмоцияларыңыз қашан да қарым-қатынасқа кедергі келтірмеу керек.

8. Сізді бақытқа бөлейтін іспен айналысып, шабытыңызды ұштаңыз.

Айналасына жақсы қырынан танылып жүрген жандармен таныстығыңызды күшейтіңіз.

9. Жеке графика бойынша үзіліс жасаңыз.

Жүзуге жазылыңыз, теңізге саяхаттаңыз. Теңіз толқыны мен саялы бақ-естен кетпес сәт сыйлайды. Ағзаға демалыс жасаңыз, қорқыныштан құтылыңыз.

10. Медитациямен әуестеніңіз.

Интернет желісінен осы жөнінде ақпарат алып, кемінде жарты сағатыңызды медитацияға арнағаныңыз жөн.

Өзіңізді сыйлай біліңіз!