Саясат

Алматы соты Шораевтың қоғам белсенділерінің үстінен жазған арызын қараусыз қалдырды

20 млн теңгенің иллиюзиясы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кеше, қаңтардың 6-сы Алматыда Жетісу ауданының соты Арман Шораев түсірген арыз бойынша, белгілі адвокат Абзал Құспан мен белсенді журналист Сәуле Әбділдаханқызына қатысты шағымды қараусыз қалдырды. 

Судья Светлана Суханова әкімшілік кодексте көрсетілген 168, 279, 280, 268, 269 баптарына сүйене отырып, Арман Шораевтың 2019 жылдың 6 қазан күні Facebook желісінде жарияланған материалға байланысты Абзал Құспан мен Сәуле Әбділдаханқызынан моральдық шығын талап еткен арызын қараусыз қалдырды. Сотқа Арман Шораевтың өзі қатыспады. Судья мен жауапкер жақтың адвокаттары арызданушының уәкілі ұсынған іс нысанын, яғни «адвокат пен журналистің тікелей эфирдегі сұқбатының» орысшаға аударылған, бірақ нотариалды куәландырылмаған нұсқасына күмәнмен қарап, қабылдамай қойды. Кәсіби емес аударманың бірнеше қатесі белгілі болған соң аударма кері қайтарылды.  

Бұған дейін белгілі бизнесмен Арман Шораев Абзал Құспан мен Сәуле Әбділдаханқызын өзін Ислам Әбішев ісіне араластырды деп айыптап, моральдық өтемақыға10 миллион теңге талап етіп, сотқа шағымданған.

Арызданушы талапкер тарап шағымды орыс тілінде жазғандықтан, сот отырысы орысша өтті. Процеске аудармашы шақыртылды. Абзал Құспанмен хабарласқанымызда ол бітімге келуден бас тартқанын айтты. Адвокат:

– Қанағаттандырмады емес, бұл жерде тап-таза процестік заң бұзушылық. Процестік заң бұзушылық, процесте заң талаптары сақталмауы себепті сот талап-арызды қараусыз қалдырды. Яғни, арызданушы Арман Шораев сотқа дейінгі талаппен бізге жүгінуі керек болатын. «Қазақ үні» сайтына жасағандай ол Сәуле екеуімізге де сотқа дейінгі тәртіпте менің құқығымды бұзатын мына жазбаны жойыңыздар деп ескерту жолдауы керек еді, – деді. Оның сөзінше, сот ешкімнің қас-қабағына қарамай  объективті шешім шығарды.       

Әлеуметтік желі қолданушылары, тілші-лингвистер мен Әбішев жақтастарын қолдаушылардың пікіріне қарағанда, Сәуле Әбділдаханқызы мен Абзал Құспанның «тапсырыс берушілер» туралы сұхбатында ешқандай таңу не айыптау, нақақ кінәлау мәні байқалмайды. Тек өз қорғауындағы адамдардың айтқанына сілтей отырып, төлеу сөз түрінде нақты жеткізген. Ал «...Менің тапсырма бергенімді дәлелдеп берсін. Дәлелдей алмаса, кешірім сұрасын» деген Шораевтың үміті ақталмады. Судья сотқа дейінгі тәртіппен ескертусіз 10 миллиондық өтемақыны орынсыз деп таныды.