Weekend

Джек Ма: XXI ғасырда әйелдер үлкен күшке ие болады

Джек Маның шабыт сыйлайтын 10 кеңесі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытайлық кәсіпкер, филантроп, Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы, әлемдік Forbes журналының мұқабасына шыққан тұңғыш  қытайлық бизнесмен Джек Ма өзінің кәсіп жолындағы жетістіктерімен бөлісіп, кеңес береді.

1. Жұмысты әйелдерге сеніп тапсырыңыз

Джек Маның айтуынша, Alibaba компаниясының жетістікке жетудегі басты құпиясы-мүмкіндігінше әйелдерді жұмысқа алуда. Әйелдер ерлерге қарағанда адамдарға барынша қамқорлық танытады, ал ерлер өзіне қамқорлық жасайды.  "21 ғасырда әйелдер үлкен күшке ие болады. Өйткені өткен ғасырда күштің өлшемі-білекте болса, XXI ғасырда күш білекпен емес, ақылмен өлшенеді".

Alibaba басшылығының 33%-ы әйелдер.

2. Барлығы өз уақытында болады. Жоспарыңызға мән беріңіз

Ма жастарға сәтті кәсіпті бастау үшін алдымен 30 жасқа дейін жақсы компанияда жақсы басшы болуға тырысыңыз деп кеңес береді. Ал 30 жаста өзіңіз жақын кәсіпті қолға алыңыз. 40 жаста қай салада күшті екеніңізге көңіл аударыңыз. 50 жаста жастарға назар аударып, оларға мүмкіндік беріңіз. «Ешкім бізге мүмкіндік берген жоқ, ал біз жастарға мүмкіндік беруіміз керек». 60 жастан кейін жағажайда немерелеріңізбен уақыт өткізген дұрыс.

Сіз не істесеңіз де, өз жұмысыңызды жақсы көріңіз.

3. Жұмысқа қабылдамау – әрдайым сәтсіз бола бермейді

Ма жоғары мектепті аяқтағаннан кейін жоғары оқу орнына түсу үшін үш рет тест тапсырады, бірақ үш талпынысы да сәтсіз аяқталады. Содан соң ол полиция қызметкері болуға тырысады. Дегенмен бұл жұмысқа 5 досын алып, Маны ғана қабылдамайды. Ма өзінің туған қаласы Ханчжоу бірінші 4 жұлдызды отельге қалай тұруға тырысқаны туралы әңгімелейді.  "Мен және менің немере ағам сұхбаттасуға барып, жұмысқа қабылдаушыны ыстықта 2,5 сағат күттік", — деді ол өз сөзінде. "Әңгімелесуден кейін жұмысқа немере ағам қабылданды, ал менен бас тартты (бірақ менің ұпайларым жоғары болды). Себебі, ол маған қарағанда сымбатты әрі бойы ұзын болды. Бүгінде ол әлі сол қонақ үйде жұмыс істейді, ал мен өз өмірімді өзгерттім". Сонымен қатар, KFC-ге жұмыс істеуге келген 24 үміткердің ішінде жұмысқа қабылданбаған жалғыз адам Джек Ма болған.

Сәтсіздіктерге қарсы тұру арқылы, біз үлкен табысқа жетеміз.  

4. Сізден ақылды адамды жұмысқа қабылдаңыз

"Адамдарды жалдаған кезде, мен әрдайым өзімнен ақылды адамдарды таңдап аламын». Ма өз әріптестеріне былай деп кеңес береді: «Жас үміткерге қараңыз. Егер бес жыл ішінде ол сенің басшың болады деп ойласаң, оны жұмысқа ал."

Жұмысқа үздік емес, дұрыс адамдарды жалдаңыз. Үздіктерді өз компанияңыздан өсіруге болады.

5. Кәсіпті бастарда тәуекелге бар

Taobao-ның құрылу тарихы өте қызық. Ма 2003 жылы командасына тапсырма береді. Олар үйінен сайтта сатылатын 4 затты әкелу керек болды.

"Біз тым кедей болғандықтан, бәрі сатуға болатын төрт затты таба алмады. Сондықтан біз сайтқа жиған тек 21 өнімді қойдық. Біз үш күн күттік, бірақ ешкім келмеді", деп еске алды Ма.

Келесі аптада олар тауарды өз араларында сатып ала бастады. Ал бір аптадан кейін үшінші тарап тұтынушылары өнімдерді сала бастады. Олар Ma және оның командасындағы сатып алушыларды тез тауып алды.

" Taobao-ға қойылған заттардың барлығын 30 күн бойы біз сатып алдық.  Сөйтіп үйіміз интернеттен сатып алынған, қоқысқа толтырылды. Біз осы арқылы адамдарды сендіруге тырыстық, сөйтіп адамдар арасында: «Бұл сайт  шынымен заттарды сата алады» деген ой қалыптастырғымыз келді.

6. "Табысты компания" деген сөзге сенбеңіз

Қарапайым кеңес – параноик болыңыз. Көптеген компания табысқа қол жеткізгеніне сенімді болған кезде, нарықта артықшылығын жоғалтып жатты. «Бір кездері Netscape өте мықты компанияның бірі болды және біз оны жоғалады деп ойламадық. Yahoo компаниясы да мықты болды, ал бүгінгі күні ол компания өзін жоғалтып алды. Сондықтан ғасыр тарихы бар компания болмай жатып, ешқашан "табысты, мықты" деген сөзге сенбеңіз. Параноик болыңыз.

«Біз ешқашан Alibaba компанияcsy табысты деп есептемейміз. Alibaba 102 жыл тарихы бар компания болғанда ғана сәтті, мықты компания қатарына қосыламыз. Қазір біз 20 жастан астық, енді 82 жыл қалды ». (Alibaba 1999 жылы, 20 ғасырда құрылған).

7. Ерекше идеяңызды іске асырыңыз

Ма бір күні өзінің 24 досына интернет-бизнесінің идеясы туралы екі сағат айтады. Олардың 23-і бұл идеяны ұмытуға кеңес берді. Тек бір досы ғана былай деді: "Егер сен көргің келсе, онда жасап көр". Келесі таңда Ма өз жобасын міндетті түрде жүзеге асырамын деп шешті. "Адамдардың көпшілігі кешкісін ойлаған жоспарын, таңертең ұмытып кетеді. Әрекет ету керек".

8. Содан кейін жемісін алуға дайын болыңыз

"Бүгін өте қиын. Ертең одан да қиын болады. Бірақ тағы бір күн келіп, бұл күн керемет күн болады деп сеніңіз. Егер сіз ынтамен жұмыс істемесеңіз, күн сәулесін көре алмайсыз. Адамдар қиын уақытта қалай шабыт алуға болады деп сұрайды. Біз мақсатына сенетін адамдарды жұмысқа аламыз. Өміріне көңілі олмайтын, әрдайым шағымданып жүретін адамдарды жұмысқа қабылдамаңыз. Сонымен қатар сіз де көшбасшы ретінде шағымданбауыңыз керек. Егер сіз шағымдансаңыз, сіздің артыңыздан ешкім ермейді. Оптимист болыңыз".

Сіз табанды еңбектеніп, командаңызға әрдайым энергия беріп отыруыңыз керек.

9. Қателерден қорықпа

«Егер өз өмірім туралы кітап жазсам, оны « Alibaba: 1001 қателік» деп атайтын едім.

10. Бастысы – акционерге емес, тұтынушыға ұнау

Тұтынушылар сізге ақша төлейді. Қызметкерлер тұтынушылардың көңілінен шығатындай инновация жасайды. «Егер тапсырыс беруші риза болса, қызметкер де, акционер де риза болады.