Bugin

Тері қабыршақтануына ұшыраған сәтте не істеу керек?

Тері күтімі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көпшілігіміз осы мәселенің шешімін таба алмай жатамыз. Бұл көбінесе қыста болатын жағдай. Суық, аяз температура теріні тыртыстыратынын түсінікті. Ендеше, мына кеңестерді орындаңыз:

• Скрабты қолданбаңыз

Осы пікірге тоқталып, қатеге бой алдырамыз. Қабыршақтану кезінде тазалағыш маскаларды қолдануды доғарғаныңыз жөн.

• Ланолин қосылған жақпамайды пайдаланыңыз.

Жақпа майдың құрамымен толық танысыңыз. Ланолиннің тиімді түрі - балаларға арналған жақпа май. Бетті жұмсақ етеді.

• "Судокремді" қолданыңыз

"Судокрем" - дәріханадан табылатын мінсіз жақпа май.

• Ерінге арналған бальзамды жағуды әдетке айналдырыңыз

Бұл бальзам теріге күтім жасауда пайдасын береді әрі бағасы да қолайлы.

• Балдан маска дайындаңыз

Тері қабыршақтанғанда ара балы көмекке келеді. Балды жылы сумен араластырып, 15 минутқа қойыңыз. Ең бастысы, бетіңізді тазалау кезінде таза судың 22-23 цельсий градустан аспауын қадағалаңыз.

• Ұйқыға кетер алдында ылғалдандыратын жақпа май жаққаныңыз жөн

Бұл жақпа майдың бірегей үлгісі ретінде бет күтіміне арналған майды ұсынамын. Майды жаққан соң, жақпамайды қолданып, қабыршақтанудан құтыласыз.