Weekend

Өзіңізді жақсы көруіңізге көмектесетін 12 әдіс.

Өзіңді сүй

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1) Кез келген критикадан бас тартыңыз.

Критика ешнәрсе өзгерте алмайды. Сондықтанда өзіңізді сынауды доғарыңыз. Өзіңіз қалай барсыз, солай қабылдауға тырысыңыз. Барлығы да өзгеруі мүмкін. Тек сіз сол өзгерістерді сынау арқылы жасар болсаңыз, сіз негативті адамға айналуыңыз мүмкін. Ал өзіңізге сенімді түрде өзгеруге кіріссеңіз, сіз керемет нәтижеге жетесіз.

2) Өзіңізді кешіріңіз.

Өткенді ұмытыңыз, ол қайта оралмайды. Өткен өміріңізге еш өкінудің қажеті жоқ. Өйткені сіз сол кезде қолыңыздан келгеннің бәрін жасадыңыз. Қазіргі таңда болса,есейіп қалып өміріңіз өзгерді.

3) Өзіңізді қорқытпаңыз

Ойыңнан қорқыныш жасап алу оңай. Бірақ онымен өмір сүру қиын. Өзіңіз шабыт табатын ойларға көңіл бөліңіз.

4) Нәзік және ақкөңіл, сабырлы болыңыз. Өзіңізбен қарым-қатынаста нәзік болыңыз. Өзгелермен араласқанда ақкөңіл болуға тырысыңыз. Өмір сүрудің жаңа заңдарын үйреніп жатқаныңызда, әрқашанда сабырлы болыңыз.

5) Ақылыңызға сай болыңыз

Өзіңді жек көру – өз ойларыңды жек көру деген сөз. Сіз өзіңізді ойларыңыз үшін жек көрсеңіз, ойларыңызды тек жақсы жаққа бағыттауға тырысып көріңіз.

6) Өзіңізді мақтаңыз

Критика ішкі рухыңызды сындырады. Оны көтерудің уақыты жетті деп ойлаймын. Өзіңізді қолыңыздан келгенше мақтаңыз. Тіпті, ұсақ заттардың өзіне көңіл бөліңіз.

7) Өзіңізді қолдаңыз.

Өзіңізді қолдаудың себептерін табыңыз. Көмек керек болса, достарыңыздан көмек сұраңыз. Көмек керек кезде оны сұрау-мықты қасиет болып табылады.

8) Өзіңіздің кемшіліктеріңізді жақсы көріңіз. Балық қылтанақсыз болмағаны секілді  адам кемшіліксіз болмайды.

9) Өз денеңізге қамқорлық жасаңыз. Дұрыс тамақтана біліңіз. Және де сіздің ағзаңызға не керек екенін анықтап, сол қажеттілік орнын толтырыңыз.

10) Көңіл көтеріңіз.

Қазір өміріңізде сізді не қуантатыны жайлы ойланыңыз. Өміріңіздің аз ғана уақытын сол қуаныштарға ие болуға арнаңыз. Үнемі күлімдеп жүріңіз.

11) Өзіңізді жақсы көруді қазірден бастаңыз.Ол үшін сіз салмақ тастауды немесе көңіл-күйіңіздің көтеріңкі болғанын күтудің қажеті жоқ.Барлық күш жігеріңізді жұмылдырып,өзіңізді жақсы көруге тырысыңыз.

12) Айнамен көп жаттығулар жасап көріңіз. Өз көзіңізге көбірек қараңыз. Айнаға қараған сәтіңізде, сіз өзіңізді тез кешіресіз. Және де күніне кем дегенде бір рет айна алдына барып «Мен сені жақсы көремін. Мен сені шыныменде жақсы көремін» деп айтыңыз.