Экономика

Қаржыгер: Егер Қытайда дағдарыс басталса, мұнай бағасы да құлайды

Тұтынушы Қытай

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытай - қазіргі уақытта мұнай мен энергияны көп тұтынып отырған мемлекеттердің бірі. Егер бұл елде дағдарыс басталса, онда мұнай сатып алуға да ақша таба алмай қалуы мүмкін. Содан әлемдік мұнай нарығында өтпей қалған мұнай көлемі көбейері хақ. 

Мұны қазақстандық қаржыгер Мұрат Темірханов айтып отыр.

- Қытай нарығын зерттеумен айналысып жүрген халықаралық сарапшылар Қытайдың заңды және физикалық тұлғаларының «қолдан жасалған» қарызға батқанын әрі Қытайдың қаржы нарығында жиналып қалған көбіктің жарылуына аз-ақ қалғанын айтады. Егер көбік жарылатын болса, онда Қытайда қаржы дағдарысы басталары сөзсіз, - дейді қаржыгер.

АҚШ пен Қытайды арасында басталған сауда соғысы да қытай экономикасының әлсіреуіне әкеледі.

- Ал АҚШ пен Иран арасында басталып кетудің аз-ақ алдында тұрған соғыс шайқасқа ұласар болса, онда мұнай бағасы қымбаттауы мүмкін, - дейді Мұрат Темірханов.

Forbes.kz