Саясат

Қытайдан келген қос қазақтың соты кейінге қалдырылды

Адвокат сенімсіз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан мен Қытайдың шекарасын заңсыз кесіп өтпек болды деп айыпталған Шыңжаңның қос қазағы – Мұрагер мен Қастердің соты процесі 8 қаңтар күні басталған еді. Алайда сот процесі тоқтатылып, келесі отырыс 21 қаңтарға белгіленді. 

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында өткен сот тыңдауында айыпталушылардың адвокаты процесске төрағалық етуші сот Шынар Оспановаға сенімсіздік танытты. 

Ал сот отырысына ондаған адам қатысты, олардың арасында құқық қорғаушылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері болды. Сот барысында күдіктілер  шекараны заңсыз кесіп өтуге  не себепті барғандарын және өздерін  босқынбыз деп мәлімдеді.

Inbusiness.kz