Саясат
Иран соғысты қаламайтын тәрізді
Ирактағы АҚШ әскери базасына соққы жасаған Иран зымыранды әдейі қисық жіберген. Бұл туралы Welt хабарлайды.
АҚШ-тың әскери қызметкерлерінің көбі шабуыл болатынын білген әрі оған қамданған. Ал атылған зымырандардың біршамасы нысанадан мүлт кетті.
- Өлім-жітімнің жоқ болғанына қарағанда, бейбітшілік ұсынысына ұқсайды. Сонымен қатар, Ислам Республикасы өз бет-бейнесін сақтап қалды, - деп жазады басылым.