Саясат
Арнайы қаулы шықты
Қытайдың Білім министрлігі 8 қаңтарда мемлекеттік мектептер, ЖОО мен колледждерде шетелдік оқулықтар мен дәптерлерді, нұсқаулықтарды пайдалануға тыйым салатын қаулы қабылдады.
Қаулыда барлық мемлекеттік оқу орындарында марксизм идеясын, Мао Цзэдун мен Дэн Сяопиннің, Си Цзиньпиннің ойларын тереңдетіп оқыту туралы жазылған.
Білім министрлігі саяси күмән туындататын, идеологиялық бөлінуді алға қоятын оқулықтарға тыйым салатынын ашық көрсеткен. Саяси күмәнді тақырыптарға Тибет, Гонконг пен Шығыс Түркістанның мәселесі, аймақтық тұтастық пен суверенитетке, дінге қатысты тақырыптар жататыны жазылған.
Қаулы әзірге жоғарғы сынып оқушыларына қатысы жоқ. Өйткені Қытайдың мемлекеттік мектептерінің жоғары сынып оқушылары шетелдік тәжірибе бойынша батыс кітаптарымен білім алуда. Қаулының негізгі мақсаты "Қытай елінде дұрыс идеологиялық көзқарас қалыптастыру" делінген министрлік сайтында.