Саясат

Канада мен Ұлыбритания: Украиналық ұшақты Иран зымыраны құлатқан болуы мүмкін

Екі елдің премьер-министрі мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

9 қаңтарда Канада премьер-министрі Джастин Трюдо 176 адамның өмірін қиған украиндық әуе кемесін Иран зымыраны атып құлатқан болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлады "Anadolu" агенттігі.

Баспасөз мәслихатында Трюдо әртүрлі дереккөздерден алынған ақпараттардан осындай тұжырымға келгенін растады. Алайда бұл тұжырымды «жеткілікті және сенімді тергеу» ғана растай алады деп жазды басылым.

- Бізде көптеген ақпарат көздері бар. Оның ішінде одақтастарымыздың және өзіміздіңде ақпаратымыз бар. Деректерде келтірілген айғақтар ұшақты Иранның әуе зымыраныатып түсіргенін көрсетеді. Бұл абайсызда болуы мүмкін, - деді Трюдо.

Ол мұндай тұжырымның апатқа ұшыраған жолаушылардың отбасыларына ауыр тиетінін айтты. Дегенмен премьер-министр үкімет ұшақтың құлау себебін анықтамай қоймайтынын жеткізді.

9 қаңтарда Ұлыбританияда Канадаға қосылып, иранның зымыраны Украинаның жолаушылар ұшағын атып түсіргеніне көптеген дәлел бар деп мәлімдеді.

Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон апаттан төрт Ұлыбритания азаматы қаза тапты деп мәлімдеді.

- Кейбір жаңалықтарға сәйкес, ұшақты Иранның әуе зымырандары атып түсірді деп айтылуда. Бұл абайсызда болуы мүмкін. Біз Канада және басқа халықаралық серіктестерімізбен тығыз байланыста жұмыс істеп жатырмыз және бұл туралы жан-жақты және ашық тергеу қажет болып тұр, - деді Борис Джонсон.