Саясат

Иран украиналық лайнердің апатқа ұшырауына қатысты кінәні мойындады

Иран билігінің мәлімдемесі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Иран украиналық Boeing 737-800 жолаушылар ұшағын кездейсоқ атып түсіргенін мәлімдеді.  Бұл туралы Associated Press Иран билігінің ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.

Апат себебі "адами фактор" деп аталды. Иран Сыртқы істер министрлігінің басшысы Мохаммад Джавад Зариф АҚШ-тың "авантюризмі" салдарынан дағдарыс кезеңінде қате жіберілгенін түсіндірді.

"Біз болған оқиға туралы өкінеміз, кешірім өтінеміз және біздің халқымызға және қайғылы оқиғаның барлық құрбандарының отбасыларына көңіл айтамыз", — деп жазды министр өзінің Twitter-аккаунтында.