Саясат

Иран президенті Украинадан кешірім сұрады

Зеленский не айтты?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Иран президенті Хасан Рухани украинаның Boeing 737-800 ұшағын атып түсіргені үшін кешірім сұрады. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский кеңсесінің сайтында айтылған.

Саясаткерлер Тегеранның бастамасы бойынша телефон арқылы әңгіме жүргізді. Рухани украин халқына және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. 

- Ол кешірім сұрады және қайғылы оқиға ирандық әскерилердің қателігінен болғанын толық мойындады, - делінген хабарламада. 

Зеленский иран билігінің "зымыранды атып түсіргенін мойындағаны" тергеу шараларының басталуына негіз болғанын мәлімдеді. Соған орай енді украин басшысы тегеран билігімен бірігіп, халықаралық құқық нормаларына сәйкес іс-қимыл жүргізбек. 

Ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстары 19 қаңтарға дейін қоштасып үлгеруі тиіс. Соған дейін иран билігі қаза тапқандардың мәйітін Украинаға жеткізуі керек.