Саясат

Зеленский халыққа үндеу жасады

Ұшақ апатына байланысты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Құрметті украиналықтар!

Мен Иран Президенті Хасан Руханимен телефон арқылы тілдестім. Ол ресми түрде барша Украина мен қаза тапқандардың туған-туысқандарынан шын жүректен қайғырып кешірім сұрайды. Рухани Боинг-737 ұшағы қателіктің кесірінен атып түсірілгенін мойындады. Қазір осы іске байланысты халық алдында ақпаратпен бөлісуді жөн санадым.

Апаттан кейін бірден Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің маңында жедел штаб құрылды. Біз Тегеранға үздік қызметкерлермізді жібердік. Олардың экспертиза саласында тәжірибесі айтарлықтай мол. Украина бас прокуроры кеңсесі ресми түрде Иранға, Канадаға, Швецияға және Ұлыбританияға халықаралық зерттеу тобын құру ұсыныс жолдады.

Біздің зерттеу тобымыз Тегеранға екі сағаттан соң жетіп, жұмысын бастап кетті. Иран Президентіне лезде хабарласып, эксперттерімізге көмек білдіруін талап еттім. Оларға барлық ақпаратқа, қара жәшікке, радарлардағы жазбаларға бірден жол ашылды.

Шұғыл түрде қаза тапқандардың кім екендігін анықтау үшін ДНҚ нұсқалары жиналды. Жолаушылардың туысқандары мен бортсеріктердің мәліметтерін сұрастырдық.

Біз жүйелі жұмыс жасадық. Жөнсіз эмоцияларға ерік бермедік. Мақсатымыз – апаттың неден орын алғандығын анықтау болды.

Америка құрама штаттарының мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеомен хабарластым, сондай-ақ Украинадағы АҚШ істері бойынша жауапты тұлға Кристина Квинмен кездестім. Олар өздері тапқан тың ақпараттарымен бөлісті. Ұлыбритания елшісі Мелинда Симмонс та барынша көмек қолын созды.

Қазір украиналық эксперттер жұмысын жалғастыруда. Бәрін егжей-тегжейлі зерттеу үшін тағы да бірнеше жайтты анықтау керек болып тұр. Дәл қазір олар орын алған апаттың толық картинасын сипаттаумен әлек.

Иран Президентімен қаза тапқандардың кім екендігін жылдам анықтау үшін барынша тер төгеміз деп келістік. Мүрделерді Украинаға қайтаруымыз қажет. Және бұл шұғыл жасалуы тиіс іс.

Иран Президентімен және істі жылы жаба салмауға уәделестік. Украина юас прокурор кеңсесі қылмыстық іс қозғайды. Бейбіт күнде отандастырымыздың қазасы үшін кінәлілер жауапқа тартылады.

Мемлекет олардың туыстарына қаржылай көмек білдіруі міндетті. Украина билігінен бөлек, оларға сақтандыру компаниялары мен Иран Ислам Республикасы да қаржылай көмек жасайтындай қыламын.

Құрметті отандастар!

Бұл қиын-қыстау заманда уәде беремін. Мен қаза тапқандардың денелерін отанымызға қайтарамын. Туған-туыстар қоштаса алатындай жасаймыз. Оларды лайықты түрде ақтық сапарға шығарып саламыз. Айыптыларды жауапқа тартамыз. Украина халқына қауіпсіздік және әділеттілік сенімін оралтамыз. Әлемнің қай жерінде болмасын Украина өз азаматтарын қорғайды. Ғаламшардың кез келген нүктесінде".