Bugin

Лотерея билеті

Мистикалық әңгіме

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мұраттың дауысы көрші бөлмеден ерекше шықты. Клара дауысты ести салысымен бөлмеге жүгірді. Мұраттың жүзінен қуаныш білінді.

– Клара,  біз ұттық енді бай боламыз, естимісің.

Клара үн-түнсіз босағада тұрып қалды. Көңіліне бір күмәнді ой кіріп қуануға ерік берер емес.

Мұраттың қуанышында шек жоқ.

- Ертең қалаға барамын, ақшаны кешіктірмей алып келу керек, – дейді масаттанып...

Таң да атты. Мұрат күндегісінен ерте тұрған секілді. Киімін киіп Клараның шайын күтіп отыр.

Шай басында әйелінің көңілсіз отырғанын ескермеді де. Тек бар ойы лотереядан ұтқан ақшаны алу болды. Шайды ішіп болғанша қалаға баратын көлікте келді. Қол жүгін алды да көлікке қарай ұмтылды. Дәл осы сәтте Клараның жүрегі бір жамандықты сезгендей қысыла түсті. Ат-көлік аман болса екен, көліктері бұзылмай қалаға жетсе болды деген ой-тілегімен ұзатып салды.

Мұрат көлікке отыра салысымен жан жағына мән берместен қалың ұйқы қойнауына аттанды. Түсінде ұтқан ақшасын бауырына көмкіре қысып, емірене сүйіп жатқан бейнесін көрді.

– Аға, қалаға келдік, сізді қай жерге түсірейін? – дейді шопыр жігіт.

Ұйқыдан оянып, қалтасындағы мекен жайды қолына ұстатты.

– Осы жерден түсір.

Көп ұзамай межелі жерге де келіп тоқтады. Көліктен түсіп бір тыныстады да алдында тұрған кеңсеге кірді. Ішінде кіре берісінде бір жас қыз отыр екен. Лотерея бойынша ақшаны алуға келгенін айтып еді. Қыз шамалы күте тұру керектігін айтты.

Арада жарты сағатқа жуық уақыт өтті. Жоғарыдан теңселе басып, толықша келген, жүзі қара өңді ер кісі бермен кел дегендей қолын былғады.

Мұрат орынынан серпе тұрып маймаңдай баса жөнелді.

– Есіміңіз кім болады?

– Мұрат!

– Танысқаныма қуаныштымын, мен Сәбит боламын.

– Лотерея билеті өзіңізбен бірге ме?

– Иә, әрине бірге!

– Рұхсат болса, соны маған берсеңіз?

– Қазір мінекейіңіз.

– Дұрыс, дұрыс кұттықтаймын он санның оны да сәйкес келіп тұр. Қазір сізге қолхат жазып беремін. Қолхатты апарып әлгіндегі астыңғы қабатта отырған қызға бересіз. Ол сізге тиісті ақшаны береді.

Қолхатты қолына алысымен астыңғы кабатқа асыға жетіп, қызға ұсынды. Қыз асықпай қағазды оқыды да "мінекей ақшаңыз, толық он миллион тенге" деді. Әлгі сөзді естігенде Мұрат өзін-өзі ұстай алмай қалды. Кенет қол-аяғы дірілдей түсті. Бар ойы тезірек ауылға кері қайту болды.

Далаға шықты қолында ақша толы сөмкесі және де кішігірім жүгі. Ендігі кезекте ауылға көлік табу керек. Бағана өзі келген көлік тал арасында тұр екен. Қасында келіп ауылға баратынын естігенде қуана жөнелді. Көлік жолға шықты. Ұйықтау жоқ, бар ойы үйге аман-есен жету. Орта жолда көлік тоқтап қалды. Шопыр жігіт қарап еді дөңгелек жарылыпты.

– Шамалы күте тұрыңыздар, бұзылған дөңгелекті ауыстырайын. Сосын қайта көлікке отырамыз.

Мұратты сол сәт бойын қорқыныш сезім билеп алды. Құдды жанындағы адамдар оны өлтіруге оқталып тұрғандай көрінді. Кенет артынан біреу екпіндей келіп салып қалды. Соққы қатты болғаны сонша Мұрат жерге құлап түсті.

Көзін аша алар емес. Қараңғы түнекте жалғыз өзі торға қамалғандай... Біреу бетіне су шашып жіберді. Қараса шопыр жігіт. Бет-ауызы көгерген. Мұрат жан-жағына қарайды қолындағы сөмке жоқ. Шопыр жігіт сөмкені алып кеткенін айтты. Дел-сал болып көлікке мінді. Аман қалғанына шүкір етеді, бірақ іші удай ашып барады. Қалайша, қалай болды деген сұрақтар ой-санасын да тыным берер емес.

Еңсесі солбырайып үйге келді. Клара бір нәрсе болғанын сезгендей алдынан жүгіре шықты. Мұраттың кескінін көріп шошып кетті.

– Не болды? – деп сұрақ қоюға дәті бармады.

Мұрат та сұраққа жауап бере алатын шамада емес еді. Төсекке салбырай барып құлады...

 

Бибіт Нұрмұхан