Саясат
АҚШ билігі Қытаймен Ираннан елге мұнай жеткізуді толық тоқтату туралы келіссөздер жүргізуде
Америка Құрама Штаттары Қытай билігін Ираннан мұнай жеткізілімін тоқтатуға мәжбүр еткісі келеді. Бұл туралы Fox News-қа АҚШ қаржы министрі Стивен Мнучин хабарлады.
Оның айтуынша, Иран өз мұнайының шамамен 70%-ын Қытайға экспорттайды және алынған ақшаға «Таяу Шығыстағы террористік топтарды қаржыландырады».
Мнучин АҚШ үкіметі Қытай билігімен Иран мұнайын жеткізуді толық тоқтату туралы келіссөздер жүргізіп жатқандығына тоқталып өтті.
- Қытай билігі барлық мемлекеттік компанияларының мұнайды сатып алуын тоқтатты. Біз олармен қосымша мұнай операцияларын тоқтатқанына сенімді болу үшін олармен тығыз жұмыс жасаймыз, - деді американдық министр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Иранда шамамен 50 млрд. баррель мұнай өндіретін жаңа мұнай кен орны табылған болатын.