Экономика
Франция сияқты...
Австрия билігі супермаркеттерге жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бірақ пайдалануға жарамды азық-түлік өнімдерін лақтыруға тыйым салды және сауда орындарын мұндай тауарларды қайырымдылық ұйымдарына беруге міндеттеді. Бұл туралы ruchron.com хабарлады.
Мұндай шара жаңа министрлер кабинетінің 2020-2024 жылдарға арналған жұмыс бағдарламасында қарастырылған.
Билік әлі де жеуге болатын тамақ өнімдерін шығаруға тыйым салуды көздеп отыр. Мұндай тағамдарды арнайы үйлестіру орталықтары таратады әрі өнімнің нормалары мен сапа стандарттарына сәйкестігі үшін жауап береді.
Мұндай жүйе Францияда да бар. Олар да жеуге жарамды тағамдарды лақтырып тастамай, қайырымдық ұйымдарға таратып береді.