Спорт

УЕФА талаптары: Түркістанда жаңа стадион салынып жатыр

Облыста жаңа стадион бой көтереді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістанда УЕФА-ның халықаралық талаптарына сай орталық стадион салынып жатыр. Аталмыш нысанның құрылысын жүргізуді «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына жүктелген. Стадион биыл мамыр айында пайдалануға беріледі.

Бұл стадионға 7000 адам сыяды. Онда: 2 спорт зал, табиғи футбол алаңы, әкімшілік бөлмелер бар. Спорт кешені пайдалануға берілген соң бұл жерде футболдан Қазақстан Республикасы чемпионатының Прьемер-Лига, Бірінші және Екінші Лига командаларының ойындары өтеді деп жоспарланған.

Бұдан басқа, мәдени-спорттық іс-шаралар, футбол, жеңіл атлетика, үстел теннисі, садақ атудан облыс құрамасының оқу-жаттығу жиындары, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстар өткізілмек.

Сонымен қатар Түркістан облысы спортының дамуына үлес қосатын «Жабық бассейні бар спорт сарайының» құрылысы да қарқынды жүріп жатыр. Бассейнді «Рetroleum Operating» компаниясы салып, ел игілігіне беруді жоспарлап отыр.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев салынып жатқан әлемдік деңгейдегі орталық стадион мен жабық бассейннің құрылысымен танысып қайтты. Заман талабына сай жабық бассейнде ұлттық құрама мүшелері мен облыс спортшылары жаттығатын болады.

inform.kz