Саясат

Шымкентте Руслан Жанпейісовтің соты басталды

Алатаяқтылардың «Әзірейілі»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Шымкент қаласының әл-Фараби аудандық соты жол қозғалысы ережесінің «шырақшысы» атанған белсенді Руслан Жанпейісовтің ұстінен қозғалған қылмыстық істі қарауды бастады. Шын аты Бейбарыс Райымбеков «билік өкілін қорлау» және «денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру»  деген айыппен күдікке ілінген.

Жол сақшыларын «оқытатын» белсендіге қарсы полиция инспекторы Марат Қуандықов пен қала тұрғыны Пірім Мұсаев арыз түсірген. Азаттықтың хабарлауынша, судья Сәбит Төреханов қарап жатқан сотта «жәбір көрдік» деген талапкер тарап өзін бейне-суретке жазудан бас тартып, қандайда бір пікір білдіруде ләм-мим деп тіс жармаған. 

Руслан Жанпейісовтың сөзінше, «көлік жүргізіп келе жатқан Пірім Мұсаевқа қауіпсіздік белбеуін тағуды ұмытқанын айтқаны үшін тұрғын таяқ алып жүгірген. Белсенді өзін қорғау мақсатында тапаншамен қызыл бұрыш шашқан. Ал полиция инспекторы Марат Қуандықовты жол жүру ережесін бұзған жүргізушіні тексеруге келген полицейлермен бірге көрген. Өзге жеке көліктің жол жүру ережесін бұзып тұрғанын түсірмек болғанда полицейлер кедергі келтірген».

Прокурор Сержан Нұрпейісов оқыған айыптау актісі мен күдіктінің сөзін тыңдаған судья келесі сот отырысы 21 қаңтар жалғасатынын хабарлаған.