Саясат

Иран Сулейманидің өліміне байланысты Дональд Трампты сотқа бермекші

Раиси: Трампты халықаралық трибуналға тарту керек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Иран генералы Касем Сулейманидің өлтіргені үшін Иран билігі Трампты сотқа бермекші. Бұл туралы Тегеранда 13 қаңтар күні Иранның Бас прокуроры Ибрагим Раиси мәлімдеді, деп хабарлайды Fars агенттігі.

Иран Сот билігінің басшысы Ибрагим Раиси АҚШ президенті Дональд Трамптың Иран генералы Касем Сулейманиді өлтіруге берген бұйрығының халықаралық заңнамаларды өрескел бұзғандығын атап өтті.

- Біз шағымдануды тоқтатпаймыз. Бұл мәселе түбінде шешіледі. Біз оны тыныш қалдырмаймыз. Ол халықаралық трибуналға тартылуы тиіс, - деп мәлімдеді Раиси.

3 қаңтарға қараған түні АҚШ Ирактағы Бағдад халықаралық әуежайының ауданына зымырандық соққы жасаған болатын, нәтижесінде Иран Ислам революциялық күзет корпусының «Аль-Кудс» элиталық бөлімшесінің командирі генерал-майор Сулеймани қаза табады.

Пентагонда Сулейманиді Трамптың нұсқауы бойынша өлтіргендерін мәлімдеді. АҚШ ИРКК-ті террористік ұйым деп, ал Сүлеймениді Ирактағы АҚШ елшілігі мен АҚШ әскери базаларына жасалған шабуылдарға қатысы бар деп санайды.