Саясат

Қазақстанда Фемиданың сертін бұзған 37 судья орнынан босатылды

Бас шайқаған бас судья

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Былтыр заңсыз шешім қабылдаған, сот әдебін бұзған, аттестациядан өтпей қалған 37 судья қызметінен босатылған. Бұл жөнінде президент Тоқаевтың қабылдауында болған жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов мәлімдеді.

Ақорданың хабарлауынша, кездесу барысында жаңа судьяларды іріктеу, конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен кадрларды ілгерілету ісін объективті жүргізу мәселелері талқыланған. Президенттің пікірінше, мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы құқықтық дауларды шешу механизмі ретінде әкімшілік әділет құрылымын енгізу маңызды міндет саналады.

Жақып Асанов президентке сот шешімдерінің сапасын арттыруға бағытталған шаралар туралы жеткізсе, Тоқаев сот жүйесін реформалау жұмыстарын жалғастыруға тапсырма берді.

Қазіргі кезде елде шамамен 3500-ден астам судья қызмет етеді. Әділдік төрешілерін ұстап тұруға жылда шамамен 30 млрд теңге бөлінетін көрінеді. Елде сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық пен судья жиі әділетсіз шешім шығаратыны көп сыналады. Әсіресе, әділетсіз сот шешімінен жапа шеккен азаматтар 2019 жылдың жазында Ақорда мен үкіметке бірнеше рет барып, өз наразылығын білдірген болатын.