Спорт

Барселонаның жаттықтырушысы Кике Сетьен болды

2022 жылға дейін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Испанияның «Бетис» командасын сәтті жаттықтырып келген 61 жастағы Сантандердің тумасы Кике Сетьен «Барселонаның» жаңа жаттықтырушысы болды. 

Ол 2022 жылға дейін тиісті келісімшартқа қол қойды және 14 қаңтарда оның ресми таныстырылымы жоспарланған. Бұл туралы championat.com хабарлайды.

Сетьеннің Испания құрамасының футболшысы ретіндегі мансабы небары үш жылға созылды, осы уақыт ішінде ол үш матчты ұлттық құрамада өткізеді, сонымен қатар 1986 жылы Мексикада өткен Әлем кубогына да қатысады, алайда ешқашан алаңға шыққан емес. 

Футболшы 2001 жылдан бері жаттықтыру ісімен айналысып келе жатыр. Ол алдымен Racing Club-пен жұмыс істеді, кейіннен Экваторлық Гвинея құрамасын үш ай жаттықтырды. Жаттықтырушы бұған дейін тағы бірнеше клубтарды басқарып келсе, ал «Реал Бетис» командасы оның көмегімен Испания футбол чемпионатының бірінші маусымында алтыншы орынға ие болады. 2018/2019 жылғы маусымда команда оныншы орынға иеленеді, ал Сетьен келісім-шарт аяқталғанға дейін тағы бір жыл қалса да, «Бетистен» кететіндігін жариялайды.