Bugin
Немесе оның қоғамға тигізер әсері қандай?
Бүгінгі таңда өрістеп тұрған бұл мәселенің тууына себепші болған тұлғаның қатаң түрде жаза тартатынын бірі білсе, бірі біле бермес.
Меніңше, бұл - ескі салт-дәстүрдің керексіз қалдығы. Алайда біздің ата-бабаларымыз әдеп-ғұрыптан аттамаған және бұл екі жақтың келісімімен ғана орын алған. Бұл дәстүрді жалғаймын деп бекінген жандардың бармақ тістеп, сан соғып жататыны айтпаса да түсінікті. Қыз баласын құрметтей білген қазақ халқыны үшін бұл - өшпес жара.
Көптеген қара көзділеріміз салт-санаға еремін деп жапа шегіп, кейбірі тіптен, өмірлерімен қош айтысып та жатыр. Иә, расында да осындай жағдайлар елімізде бірнеше рет орын алған. Бұл - қоғамдық идеологияның керағар тұстары. Сонымен, қыз алып қашу қылмысымен құрықталғандардың жазасы қандай болмақ?
Қазақстан Республикасының Конституциясына жүгінер болсақ, аталған қылмыстың жазасы - 7 жылға ұзартылды. Қыз баласының еркінен тыс жасалған әрбір қадам үшін азаматтардың жауапқа тартылатыны хақ. Осы мәселенің өрістеуін тежеп, ауыздықтауымыз қажет деп білемін!