Bugin

Біреудің кінәсі үшін 30 жыл бойы түрмеде отырған

Біреудің қатесі, біреудің тағдыры

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ-та өзгенің қылмысы үшін 30 жыл түрмеде отырған кінәсіз ер адам ақталды. Бұл туралы The Guardian газеті хабарлады.

13 қаңтар күні АҚШ соты 1991 жылы шығарылған үкімнің күшін жойып, 62 жастағы Джерри Томасты түрмеден босатты. 1987 жылы Мичиган штатының Детройт қаласының тұрғыны өзіне азық-түлік дүкенінің жанында машинада шабуыл жасалғанын мәлімдеп, полицияға арыз түсіреді. Екі жылдан кейін, жәбірленуші сол адамды Джерри Томас деп таниды.

Полицияның айғақтары мен оқиға куәгерлері болмаса да, Томас шабуыл жасап, кісі өлтіруге оқталғаны үшін 50 жылға түрмеге қамалады. 2010 жылы бұл іспен The Innocence Project — заңсыз сотталған адамдарды ақтауға ұмтылатын бейкоммерциялық заң ұйымының өкілдері айналыса бастады.

Бұдан басқа, бастамашы топ зардап шегушінің Ford Escort жинақы автомобилінің рөлінде болғанын анықтады. 1987 жылы қылмыс жасалған кезде, Томастың бойы 190 сантиметр, салмағы 115 килограммға жуық болған. Демек, ол машинаға оңай кіріп, қылмыс жасай алмайтындай дәрежеде болған.

- Біз ұқсас адамды тауып, оны Ford Escort салонында суретке түсірдік, - деді The Innocence Project өкілі Джейн Пучер. 

Жәбірленуші қайтыс болғаннан кейін істі қайта қарап, нақты қылмыскерді табу оңайға соқпайды.

 

Томас отбасына оралуына байланысты қуаныш пен ризашылық білдірді. 

 

- Егер полиция мұқият тергеу жүргізсе, онда Томас ешқашан темір торға түспейтін еді, - деді Пучер.