Саясат

Ирактағы АҚШ базасына кезекті мәрте зымыранмен соққы жасалды

Соғыс отын тұтату амалдары

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ирактың Эт-Таджи аймағында орналасқан АҚШ-тың әскери базасына 14 қаңтар күні зымыранмен соққы жасалған. Бұл туралы Al-Hadath телеарнасы мәлімет таратты. 

Бағдаттан 30 шақырым қашықтықта орналасқан әскери базаға 5 зымыран кеп тиген. АҚШ-тың осы аймақтағы терроризмге қарсы бөлімшесінің ресми өкілі полковник Майлс Кэггинс Twitter парақшасына шабуылдан ешкімнің зардап шекпегенін жазды. 

Бұл осы аптадағы АҚШ әскери базаларына жасалған екінші шабуыл болып отыр.