Саясат
Нығматулин биыл қандай маңызды заңдар қабылданатынын айтты
"Қазіргі кезде мәжілістің портфелінде 61 заң жобасы бар. Бізге осы сессияның аяғына дейін ел басшылығының тапсырмаларын жүзеге асыру үшін біраз маңызды заңды қабылдау қажет. Мәселен бүгін біз бірқатар заң жобасын жұмысқа алып отырмыз. Соның ішінде Экология кодексінің жаңа редакциясы да бар", - деді Нығматулин отырыстың басында.
Оның айтуынша, халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс бойынша біраз еңбектену керек. Сондай-ақ, Азаматтық іс жүргізу кодексіне өзгерістер енгізіледі.
"Біз жаңадан әзірленген Әкімшілік-процедуралық іс жүргізу кодексін қарастырамыз. Бұдан басқа да маңызды заң жобалары талқыланады", - деп атап көрсетті Нығматулин.
Сессияның аяғына дейін онға жуық үкімет сағаты ұйымдастырылады. Заңгерлік көмек көрсету және орта білімнің сапасына арналған парламенттік тыңдаулар да өтеді.