Саясат

Трамп Apple компаниясына ренішін жеткізді

Трамп Apple компаниясын қылмыскерлердің телефондарының бұғатын ашудан бас тартқандығы үшін айыптады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Apple компаниясын тергеуді жеңілдету үшін қылмыскерлердің телефондарының құлпын ашудан бас тартқаны үшін сынға алды. Бұл туралы Росболт хабарлайды.

Бұған дейін Әділет министрі Уильям Барр Apple компаниясы Флоридадағы АҚШ әскери базасына оқ жаудырған саудиялық кадеттің телефонын бұғаттан шығаруға көмектесуден бас тартқандығын айтқан болатын.

- Біз әрқашан Apple-ге сауда-саттықта және басқа да көптеген мәселелерде көмектесіп келе жатырмыз, алайда олар киллерлер, есірткі сатушылар және басқа да қауіпті қылмыстық элементтер қолданатын телефондардың бұғатын ашудан бас тартуда, - деп жазды Трамп Twitter-де.

Ол компанияны осы тәжірибесін өзгертуге шақырды.