Экономика
Путин жолдау жолдады
Ресей президенті Владимир Путин бүгін Ресей халқына кезекті жолдауын арнады. Бұл жолғы жолдау елдің ішкі мәселесіне, экономика мен әлеуметтік қамсыздандыруға бағытталды.
Ресей басшысы "1-4 сынып оқушылары мектепте тегін тамақтануы тиіс, өйткені бала мектепке барғанда отбасының шығыны еселеп артатынын" жеткізді.
- Ата-аналар тіпті балаларын тамақтандыра алмаймыз деп ойламауы тиіс, — деді ол.
Путин мемлекет жыл сайын балалар мен отбасыларды қолдауды арттыра беретінін мәлімдеді.