Bugin
Нұр-Сұлтан қаласында математика пәні мұғалімдерінің фестивалі өтті
Нұр-Сұлтан қаласында математика пәні мұғалімдерінің фестивалі өтті. Осымен үшінші рет ұйымдастырылған шараға Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері де қатысып, бақтарын сынады.
Үш күнге созылған шарада еліміздің барлық өңірлерінен келген 80-нен астам математик өзара тәжірибе алмасып, кім мықтыны анықтады. Сайыс нәтижесі бойынша Талғат Қадыров, Абдумалик Шойбеков, Бауыржан Есполов және Данияр Уразтаев бастаған топ - үздіктердің қатарынан көрініп, жүлделі І орынды жеңіп алды.
- Кез келген олимпиадаға қатыспас бұрын, үлкен дайындық қажет. Талаптану, еңбектену керек. Әртүрлі бағыттағы есептер келуі мүмкін. Төрт сағат берілді. Осы уақыт аралығында 10 есепті шығарып үлгеру керек болды, - дейді Данияр Уразтаев.
Айта кетейік, мектеп мерейін үстем еткен ұстаздар биыл осымен екі дүркін чемпион атанып үлгерді.