Саясат

Шешен республикасының көсемі Рамзан Қадыров уақытша орнынан кетті

Ресейдегі күтпеген өзгерістер жалғасуда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров уақытша қызметтен босады. Оның орнына аймақтың уақытша басшысы қызметіне Республиканың премьер-министрі Муслим Хучиевті тағайындалды.

Шешенстан үкіметінің хабарлауынша, мұндай шешім Кадыровтың уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты қабылданған.

РИА Новости келтірген құжатта Қадыров «Шешенстан Республикасы Конституциясының 76-бабына сәйкес уақытша еңбекке жарамсыздығыма байланысты 2020 жылдың 13 қаңтарынан бастап жетекшілікті үкіметінің төрағасы Хучиев Муслим Магомедовичке жүктеймін», – деген.

Рамзан Қадыровтың уақытша еңбекке жарамсыздығының нақты себебі айтылмады. Мұндай шешімді ол екінші рет қабылдап отыр.Муслим Хучиев Мәскеу мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылы ол Шешенстан Президенті баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалды, келесі жылы облыс басшысы аппараты басшысының бірінші орынбасары болды. Ол Грозный қаласының мэрі қызметін де атқарған. 2013 жылы Шешенстанның аумақтық даму, ұлттық саясат және бұқаралық коммуникациялар министрі, 2018 жылдан бастап Хучиев республика үкіметінің жетекшісі қызметін атқарып келеді.