Саясат
Ал Павлодар облысының әкімінің баспасөз қызметі пікір білдіруді кейінгі қалдырды
Құқық қорғау органы Павлодар облысы әкімі Болат Бақауовтың жиналыста ұсталып әкетілуіне қатысты ресми пікір білдіруден бас тартып отыр. Нақтырақ айтсақ, жақ ашпауда. Бақауов ұсталған жоқ деп те ешкім ресми хабар берген емес, ұстадық деп те ләм-мим демей отыр.
Власть басылымы да Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тілшілеріне еш жауап қатпай отырғанын айтады. «Қандай да бір ақпарат болса, хабарын береміз» деп қана жылы жапқан.
Жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметі те жағдайдан хабарсыз болып шықты. Олар да еш ақпараттың жоқтығын алға тартып отыр.
Ал кеше Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі «ешқандай ресми ақпараттың жоқтығын» алға тартып, тұжырым жасаудан аулақ болу қажеттігін ескерткен еді.
Ал Бақауовтың Инстаграм желісінде түнде жиналыс өткізіп отырған сәті суретке түсірілген жазбасы жарияланды. Жазбада Бақауовтың ұсталғаны жайлы ештеңе айтылмаған.
Ratel басылымы бүгін кәсіпкерлік басқармасының мамандарымен өтуі керек кеңеске Бақауовтың келмегенін, соған орай кейінге қалдырылғанын хабарлады.