Саясат

Армян, ресей, қырғыз нөмірін таққан көлік иелері митинг өткізбек (видео)

Заңсыз мәлімдеме

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Орал қаласының бірнеше тұрғыны қала әкімдігіне келіп армян, ресей, қырғыз нөмірлі көліктерге енгізілген шектеулерге наразылық білдіру үшін митинг өткіземіз деп арыз-шағым қалдырды.

Белсенділердің бейнежазбасы белсенді Асқар Шайғұмаровтың youtube арнасында жарияланды:

- Ішкі істер істер министрлігінің мәлімдемесін, яғни, Ресей, Армения, Қырғызстан елінен енгізілген көліктердің жүріп-тұруына шектеу қоюы, айып тұрағына қамауы, елден шығару жайлы мәлімдемесін заңсыз деп санап, әкімдікке заңды митинг өткізуге өтініш беруге келіп тұрмыз, - дейді Саржан Серікұлы есімді белсенді.

 

Белсенділер митингті Орал қаласында 25-26 қаңтар күндері Мәншүк Мәметов көшесінде өткізуді ойлап отыр.

 

Бұған дейін елдің ішкі істер министрлігі Қазақстанда жүргеніне бір жылдан асып кеткен армян, қырғыз, ресей нөмірін таққан көліктер елден шығарылатынын мәлімдеген болатын. Кейін мұндай шектеулердің армян мен қырғыз көліктеріне ғана тиесілі екені, ресейге қатысы жоқтығын мәлімдеген еді.