Саясат
Мемлекеттік қызметін асыра пайдаланды
ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Павлодар облысы әкімі Болат Бақауовтың ұсталғанын әрі қазіргі уақытта оған қатысты қылмыстық істің тергеліп жатқанын мәлімдеді.
- 2020 жылдың 15 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР ҚК-тің 362-бап, 2-бөлік, 3-тармағы бойынша тіркелген қылмыстық іске байланысты жедел ұстау іс-шарасы өткізілді. Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жасалуда. Тергеу амалдарының мүддесі үшін одан басқа ақпарат жария етілмейді, - деп хабарлады комитет.
Айта кеткеніміз жөн, кеше Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовты ҰҚК-нің Арыстан арнайы жасағы әкімдікте өтіп жатқан жиналыстың үстінен ұстап алып кеткен еді. Бүгін ҰҚК оның ұсталғанын ресми түрде мәлімдеп отыр.