Экономика
Ұстаз айлығын өсіру тапсырылды
Күні кеше ғана Ресей президенті әдеттегідей халыққа жолдау арнады. Бұл жылғы жолдауда ол экономика және халықтың әлеуметтік жағдайына баса назар аударған.
Жәрдемақыны көбейту, "Ана капиталын" өсіру мәселесін көтерді. Сонымен қатар мектеп пен ұстаздың мәртебесі, айлығы жайында да тапсырма берді.
- Күнделікті бала оқыту, тәрбиелеу жұмысы өте ауыр әрі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бұл тұрғыдан біз ұстаздарды барынша қолдауға тиіспіз, - деді Путин.
Үкіметке тапсырма бере отырып, Ресей президенті 1 қыркүйектен бастап әр сынып жетекшісіне 5 мың рубль үстемақы берілуін тапсырды. Бұл біздің ақшаға шаққанда 30500 теңгені құрайды. Бұл мәселені мұқият назарда ұстап, уақытылы қаржының түсіп тұруын талап етті.