Bugin
Испаниядан алып кетпек болған
Испания заңы бойынша, 100 жылдан асқан кез келген өнер туындысы елдің тарихы мен мәдениеті тұрғысынан маңызды болып саналады, тіпті ол жеке меншікте болса да, ұлттың игілігі деп жарияланады.
Мадридтегі сот 83 жастағы миллиардер және экс-банкир Хайм Ботинді Пабло Пикассоның «Жас әйелдің басы» картинасын Испаниядан тыс жерге шығарып, Лондондағы аукционға сатуға тырысқаны үшін 18 айға бас бостандығынан айырды және 52,4 миллион еуро айыппұл салды. Бұл туралы bbc хабарлайды.
Картина 2015 жылы француздық Корсика портында Хайм Ботиннің яхтасынан табылған.
Ботинге тиесілі картина бұрын Испанияның ұлттық қазынасы ретінде танылған, сондықтан оны патшалықтан тыс жерге шығаруға болмайды.
Сондай-ақ, сот картинаны тәркілеп, мемлекетке беру керек деген шешім шығарды. Миллиардер шағымдануға құқылы.
Ботиннің түрмеге қамалуы екіталай, өйткені Испанияда екі жылдан аз уақыт алған айыпталушылар жазасын көбінесе шартты түрде өтейді. Сонымен қатар, сот айыпталушының жасын да ескереді.
Егер туындының иелері оны шетелге алып шыққысы келсе, олар Испанияның Мәдениет министрлігінен арнайы рұқсат алулары тиіс.
Пикассо «Жас әйелдің басын» 1906 жылы өзінің госольдік кезеңінде, Каталон кескіндеме және Пиреней түбегінің суретшілерінің күшті ықпалында болған кезінде салған туындысы.
Қазіргі уақытта 26 миллион еуроға бағаланған сурет – Мадридтегі София королеваның атындағы өнер орталығында сақталуда.