Bugin
Жігіттер жазаға тартылды
7 қаңтар күні әлеуметтік желіде бір топ жастың үрлемелі матрасты көлікке тіркеп, Петропавлдың орталық көшелерінен өткендігі жайлы бейнеролик жарияланды.
Келесі күні облыс орталығының тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерде көп талқыланған бейнеролик кейіпкерлерін анықтады. Тәртіп бұзған 19-20 жастағы жігіттердің еш жерде жұмыс істемейтіні белгілі болды. Олардың бірі Петропавлға жақында Ресейден келген екен.
Матрасты сүйреген автокөлік жүргізушісі, 1987 жылы туған петропавлдық бұл іске ойланбай барғанын айтады. "Ұсақ бұзақылық" және "Жолаушыларды, жүкті тасымалдау барысында ережені сақтамау, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу" баптары бойынша екі әкімшілік іс қозғалды.
- Қазір материалдар жиналып, сотқа жіберілді, - дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Әлібек Ғабдуллин.