Саясат
Павлодар облысының әкімі билікті асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды - ҚР ҰҚК
ҚР ҰҚК комитеті жедел-іздестіру шараларын жүргізді.
Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
- 15 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысының әкімі Б. Бақауовқа қатысты қызмет бабын асыра пайдалану фактісі, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 362-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша тіркелген қылмыстық іс бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізді, - делінген ведомства хабарламасында.
Тергеу амалдары жалғасуда. Алайда тергеуге қатысты мәліметтер толық жария етілмейді.
Осыдан бір күн бұрын Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовты және оның көмекшісін облыс әкімдігінде аймақтық мәжіліс кезінде сыбайлас жемқорлыққа күдікпен ҰҚК қызметкерлері ұстағандығы туралы хабарланған болатын.
Билік бір күнге жуық уақыт үнсіз қалды және бұл ақпаратқа еш түсінік берген жоқ. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі бүгін барлық басқарма қызметкерлері жұмыс орнында, ал Бақауов мырза жұмыстарына сәйкес Павлодар қаласында деп мәлімдеді.
Болат Бақауов 2016 жылдың наурыз айынан бері Павлодар облысының әкімі қызметін атқарып келеді. Бұған дейін ол Павлодар қаласының әкімі болған. Ал оның алдында ол Павлодар облысы Ақсу қаласының және Качир ауданының әкімі болған.