Саясат

Қанат Жұмабаев Елбасы қорының атқарушы директоры болып тағайындалды

Исекешевтің орнына келді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жұмабаев Қанат Несіпбайұлы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры болып тағайындалды. Мұны Елбасының ресми сайты хабарлады.

Қанат Несіпбайұлы 1965 жылы дүниеге келген. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін және Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (МГИМО) сыртқы экономикалық қызметтер үшін мамандар даярлау мектебін бітірген.

Еңбек жолы: «ҚазАстықТранс» ЖШС басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының қызметкері; «Алатау» Емдеу-сауықтыру кешені» АҚ президенті (2014 жылдан); Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры. 2016 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың 25 наурызына дейін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры. 2019 жылдың наурызынан ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары болды.

Еске салайық, 2019 жылдың наурызынан 2020 жылдың қаңтарына дейін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры қызметін Әсет Исекешев атқарған болатын. Ол 16 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалды.