Саясат
«Табиғи құбылыс» зерттелуде
63 жастағы бұрынғы қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов тергеуге алынды. Караван газетінің хабарлауынша, Сәкен Жасұзақовпен бірге бірқатар жоғары лауазымды әскери шенділер тергеуге алынған. Бірақ олардың аттары әзірге жұмбақ. Құзырлы органдар ешқандай мәлімдеме жасай қоймады.
Сәкен Әділханұлы 1957 жылы қазіргі Түркістан облысында туған. Бұған дейін ҚР Қорғаныс министрлігі бас штабының бөлім басшысы (1992-1994 ж.), ҚР Қарулы күштері бас штаб басшысының орынбасары (1996-2000 ж.), ҚР Қорғаныс министрлігі барлау басқармасының басшысы (2000-2002 ж), Мобилді күштер басшысы (2002-2003 ж.), «Шығыс» аймақтық әскери бөлімінің басшысы (2004-2007 ж.), Құрлық әскерінің басшысы (2009-2016 ж.), ҚР Қорғаныс министрі (2016-2018 ж.), Қорғаныс ұлттық университетінің басшысы (2018-2019 ж.) қызметтерін атқарған.Ол былтыр жаздаАрыс оқиғасынан кейінмемлекет басшысы Тоқаевтың жарлығымен отставкаға кеткенеді.