Экономика
Әзірше жылдамдықты ғана тексеріп отырған "Сергекке" ертең басқа да функциялар қосылады
Алматы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев 15 күннің ішінде «Сергектің» 53 млн теңге «табыс» әкелгенін хабарлап отыр.
- 15 күннің ішінде 3200 заңбұзушылық анықталды. 53 млн теңге айыппұл салынды. Күніне 200 заңбұзушылық анықталады, - дейді Мұраталиев.
Қазіргі уақытта Алматыда 400 «Сергек» камерасы бар. Оның 300-сі жылдамдықты тексеріп отырса, 100-і жолақты бақылап отырады.
- Айыппұл салынғандардың көбі – жылдамдық асырғандар, - дейді полицей.