Саясат
Көрші мемлекеттегі демографиялық ахуал
"Бір отбасы - бір бала" ережесінің күші жойылғанына қарамастан, Қытайдағы бала туу, 70 жыл бұрын Қытай Халық республикасы құрылған кезден бастап ең төмен көрсеткішке дейін төмендеді.
2019 жылы елде 14,65 миллион бала дүниеге келді, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 580 мыңға аз. Ұлттық статистика агенттігіне сәйкес, бұл 1949 жылдан бастап санағанда ең төмен көрсеткіш.
Қытайдағы бала туу көрсеткіші көп жылдар бойы төмендеп келеді, бұл әлем бойынша екінші экономика саналатын ел үшін маңызды мәселе болып табылады.