Спорт
Зенит басшылығының пікірі
"Зениттің" бас директоры Александр Медведев Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан туралы әңгімелеп берді.
- Бауыржан Исламхан "Зенитпен" бірге жиында болады. Ол - Қазақстанның үздік ойыншысы, "Қайраттың" және құраманың капитаны, жақсы нәтижелі жартылай қорғаушы. Біз оны бақылаймыз, өзін қалай көрсететінін көреміз. Мен Қазақстандағы мамандармен сөйлескенмін, олар оны қазіргі ойыншылардың ішіндегі ең жақсы деп санайды. Әрине, Андрей Аршавинмен де осы кандидатура бойынша кеңестік, - деп мәлімдеді "Р-Спорт" басылымына Медведев.
Исламхан "Қайратта" 2014 жылдан бері өнер көрсетеді. Өткен жылдың соңында клубпен келісім-шарты аяқталып, еркін агент болды.