Саясат

Владимир Зеленский премьер-министріне тағы бір мүмкіндік берді

Қазақстан жұрты қызыққан көрші елдегі ашықтық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина президенті Владимир Зеленский ел премьер-министрі Алексей Гончаруктың отставкаға кету ойын құптамады. 

Кеше кешкісін сағат 23:00 шамасында (астана уақытымен – авт.) Facebook желісіндегі президент кеңсесінің парағында Зеленский мен Гончарутың кездесу бейнежазбасы жарияланды. Онда президент үкімет бастығының отставкаға кету жоспарымен келіспейтінін айтып, оның орнына үкіметке бірқатар шұғыл тапсырмалар берді.

«Қазір елді экономикалық және саяси тұрғыдан елең еткізер кез емес, – деді Украина президенті. – Мен сізге және үкіметіңізге мүмкіндік беруді шештім».

Жоғарыда айтылғандай, Владимир Зеленский үкімет бастығымен министрлер кабинетінің жұмысын оңтайландыру, министрлер мен мемлекеттік компаниялардың топ-менеджерлеріне әділ жалақы төлеу, жұмысы өнімсіз, самарқау министрлерді орнынан босату және парламентпен диалог құру мәселелерін талқылады.

Бұған дейін, 17 қаңтар Украина президенті құқық қорғау органдарына премьер-министр, министрлер мен Ұлттық банк өкілдерінің кездесуінен кейін тарап кеткен аудиожазбаға қатысты тексеріс жүргізіп, екі аптаның ішінде анық-қанығына көз жеткізуді тапсырған еді.

Кеше күндіз түс кезінде үкімет бастығы өзінің Facebook желісіндегі ресми парағында «соңғы кездері президентпен араздастыру мақсатында әлдебір арандатушылардың үкімет отырысында түсірілген монтаждалған файлдардың тарап жатқанын» еске алып, «үкіметте жемқорлық жоқ екенін сеніммен айта алатынын» жеткізген. Гончарук өз жазбасында «Мен бұл қызметке президенттің тапсырмасын орындауға келдім. Ол мен үшін шынайылық пен адамгершіліктің үлгісі. Алайда президенттің сеніміне қандай да бір нұқсан келтірмеу үшін мен отставкаға кетуге өтініш жазып, оны президентке жолдадым», – деген болатын.